Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
27-03-2019
Алматы университеті ұжымы наурыз мерекесін тойлады.

   Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтың сүйікті мерекесіне айналды.

   Наурыз- бұл тек көктемнің мерекесі ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе –реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарханын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр шертісіп, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.

   Қыстан аман шығып, Ұлыстың ұлы күніінде бір бірімен қауышып жатқан Алматы қаласы, Әуезов ауданы тұрғындарымен бірге Алматы университетінің ұжымы да 21- наурыз күні Наурыз мерекесін тойлап өтті. Алматы университеті биылғы наурызды жылдағыдан да ерекше дүркіретіп тойлады. Әуезов ауданы әкімшілігінің тапсырысы бойынша биыл да университет ұжымы киіз үй тігіп, байқауға қатысты. Байқау шарты бойынша: әрбір ұжым тіккен киіз үйлерін безендіріп, ұлттық тағамдардың алуан түрлерін дайындап, ұлттық сал- дәстірлердімізді дәріптеу керек.  Тігілген ақ шаңқай киіз үйдің безендірілуі, ұлттық  тағамдар дайындау мен ұлттық дәстүрімізді дәріптеу бойынша сараптауды Әуезов ауданы әкімінің орынбасары  - Еркебұлан Оразалин бастаған комиссия мүшелері  жүргізіп, әр үйді аралап көріп,  бағаларын берді. Сарапшылар бағалауы бойынша -Алматы университеті ІІ орынға ие болды.

   Алматы университетінің  ректоры химия ғылымдарының докторы М.Е.Ермағанбетов Наурыз мерекесімен Алматы университеті ұжымын құттықтай отырып, «Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған.

   Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, халқымыз  аман болып,әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!»- деген ізгі тілегін білдірді.

  

  

  

  

  

  

  

 
ОБЪЯВЛЕНИЯ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Подробнее
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее

© 2008–2019, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz