Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
01-02-2019
Elsevier компаниясының өкілі ғылыми семинар өткізді

Алматы университетіне Elsevier компаниясының Орта Азия бойынша ресми өкілі Сертедемир Өзге (Sertdemir Ozge ) Түркиядан арнайы келді. Ресми өкілмен кездесу университеттің 10 қабатында конференция залда болды. Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Нурлихина Гулмира Болатқызы Elsevier компаниясынан келген ресми өкілді профессор-оқытушылар құрамына таныстырып, университетке келудегі мақсаты жайлы кіріспе сөз сөйледі.
Сертедемир Өзге алдымен Elsevier компаниясының тарихына тоқталды. Әлемдегі ең ірі 4 ғылыми баспалардың бірі-Elsevier компаниясы екендігін, негізі 1880 жылы қаланғандығын сөз етті.  
Семинар барысында Сертедемир Өзге ScieneceDirect ғылыми журналдар базасы туралы, профессор-оқытушылар құрамының зерттеу жұмыстары үшін ScieneceDirect платформасын пайдалану, зерттеу тақырыбы бойынша рейтингтік журналдар мен мақалаларды іріктеу, сапалы мақаланы дайындау және оны рейтингісі жоғары ғылыми журналдарда жариялаудың жолдары жайлы тың ақпараттармен бөлісті.
Elsevier компаниясының өкіліне университет оқытушылары тарапынан да бірнеше сұрақтар қойылды. Атап айтқанда: Жыртқыш (хищник) журналдарға ұрынып қалмаудың жолдары?; Ғылыми мақаланы кез келген тілден ағылшын тіліне аудару Elsevier компаниясында қарастырылған ба?; ScieneceDirect платформасында пайдаланғанда кез келген саланы қамти аламыз ба? деген сұрақтар қойылды. Өз кезегінде Elsevier компаниясының өкілі нақты мысалдармен жауап беріп, сөз соңында қатысушыларға сертификат табыстады.
 

     

 

     

 

ОБЪЯВЛЕНИЯ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Подробнее
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее

© 2008–2019, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz