Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
16-01-2019
Springer Nature компаниясының ресми өкілі семинар-тренинг өткізді

Алматы университетіне халықаралық ғылыми ортаға белгілі Springer Nature компаниясының ресми өкілі Александрова Ирина Алексеевна келді. Университет ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлы Springer Nature компаниясынан келген ресми өкілді көпшілікке таныстырып, университетке келудегі мақсатын айтып, аталған компанияның тарихына аз-кем тоқталып өтті.
Ирина Алексеевна кіріспе сөзді Springer Nature компаниясы тізімінде бар импакт-факторлы және Thomson Reuters ғылыми журналдар базасы туралы айтудан бастады. Семинар барысында Ирина Алексеевна университет профессор-оқытушылар құрамына «Зерттеу жұмыстары үшін Springerlink платформасын пайдалану», «Зерттеу тақырыбы бойынша рейтингтік журналдар мен мақалаларды іріктеу. Жыртқыш (хищник) журналдардан аулақ болудың жолдары», «Жоғары сапалы мақаланы дайындау және оны шетелдік рейтингісі жоғары журналдарда қалай жариялауға болады», «Шетелдік рейтингісі жоғары баспаға монография дайындау және жариялаудың жолдары» атты бүгінгі таңда ғылыми ортада көп айтылып жүрген, үлкен маңызға ие 4 тақырыпты қамтып, нақты мысалдармен ақпарат берді.
Ресми өкілге университет оқытушылары тарапынан көкейлерінде жүрген бірнеше сұрақтар қойылды. Ирина Алексеевна барлық сұрақтарға қазақ-орыс тілдерінде өте жоғары деңгейде жауап беріп, семинарға қатысушылардың ризашылығына бөлінді. Сөз соңында Springer Nature компаниясы Алматы университетімен бірге жұмыс жасауға кез келген уақытта дайын екендігін, профессор-оқытушылар құрамына импакт-факторлы және Thomson Reuters ғылыми журналдар базасына мақала жариялауға көмектесетінін жеткізді.
 
     
 
     
 
     
 
     
 
 

 

ОБЪЯВЛЕНИЯ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Подробнее
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее

© 2008–2019, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz