Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
23-11-2018
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы профессор-оқытушылар құрамымен кафедра бойынша талқыланды.

Бүгін Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Қазақтың жүрегіне жол тауып, қоғамға ерекше әсер еткен мақаланы университет оқытушылары  өте жылы қабылдады. Кафедра жиынында оқытушылар бұл мақаланың ел санасын сілкіндіретінін атап өтті.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мақала жайында пікір алмасты. Жиында кафедра меңгерушісі Н.Е.Наурызбаев: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ние­ге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олардың же­тіс­тіктерінің құрметіне ашық аспан ас­тын­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашуы­мыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тап­­­сырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әде­биет­тегі, музыка мен театр саласындағы жә­не бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақын­дар және ел билеген тұлғалар бейне­сі­нің маңызды галереясын жасауды қол­ға алу қажет деп айтып көрсеткен Елбасымыз.
Келесі сөз алған з.ғ.д., пофессор Т.Ағдарбеков: Мен үшін Атамекен оттан да ыстық. Тамырсыз тал болмайды,Тарихсыз ел болмайды, - деп келетін мақал мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласының бар мәнін ашып тұрғандай, Қазақстаның өз аумағында өркениетті дамуы  рухани жаңғыру арқылы  өз бағыттарын тапты. Мен бұл мақаланы оқи отыра Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте қанықтым. Мемлекет басшысының ұсынып отырған  «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы Дала тұлғалары» сынды жобаларды мақалада көзделген мақсаттарды жүзеге асыру жолындағы атқаратын рөлін ерекше деп ойлаймын. Өз ойымды ел басының «Қазақтың тарихында қазақ ұялатын ештеңе болған жоқ»,-деген сөзімен аяқтап, және болашақта ұлт тарихында ұлт ұялатын еш нәрсе болмайтынына сенім білдіремін.
Мемлекет басшысы нақты айқындап берген Ұлы даланың әрбір жеті қыры барлық қазақстандықтың айрықша мақтаныш  сезімін туғызады», «Біздің даламыз тарихы тереңде жатқан үлкен мемлекеттердің отаны, үлкен өркениеттердің алтын бесігі болған. Қазақ жері үлкен рухани, философияның, әдебиеттің, өнер мен ілім-білімнің, тіпті діндердің бастауы да болған», - О.Казиев
 «Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйрету арқылы ата-бабаымыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі. «Ер қанаты - ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтайды. Айтар ойын атпен байланыстыра бейнелейді. Жылқы мінезді жұрттың адам ұғлының мінезін, өмірінің әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен қатыстыра суреттеуі - бұл құбылыстың дүниетанымымызға қаншалықты сіңісті болғанына дәлел. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни сөзінің мәніне бойлаған ел өз болмысын танымақ. Атты әспеттеу - болмысыңды зерделеу.. «Аяғы жерден көтеріліп, атқа қонған қазақ ешкімге кеудесін бастырмаған. Тағы да атқа қоныппыз. Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпасы белгілі. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсіндік деп қортындылады өз ойын П Алмағанбетов.
«Ал «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында біз кім екендігімізді анықтадық. Біздің xалқымыз сақтардың, ғұндардың, түркі этникалық топтарының мұрагері. Бұл бірақ ұлтшылдықтан ада сөз. Президент біздің тариxқа көптеген әртүрлі ұлт өкілдері еңбек сіңіргенін нақтылап айтты. Яғни бұл негізінен идеологиялық мәселе. Міне, осы маңызды болып табылады. Біз өзіміз үшін айқындалып алумен қатар бар әлемге xабар бердік. Кім екендігіміз және қандай бағытпен дамитындығымыз жөнінде. Бұл дәл уақытында көтерілген мәселе. Бұл жерде тағы бір маңызды тұсы бар. Біз кім екендігімізді танып қана қоймаймыз, оны ары қарай зерттейміз. алдымызда Көптеген тариxи жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр», - деді Н.Батырбай
Экономика және құқық мектебінің «Құқық» кафедрасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылап, кафедраның профессор-оқытушылары мақала бойынша Елбасының Қазақстанды  Түркі әлемінің генезисі ретінде дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру бағытындағы ойлары тың серпін беретіндігі жайында  өз ой-пікірлерін білдірді.
 
 
          
 
 

 

ОБЪЯВЛЕНИЯ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее
17-04-2018
English in my life!
Подробнее

© 2008–2019, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz