Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
19-10-2018
Алматы университетінде студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.

Мерекелік кешке Әуезов ауданы әкімдігінен, аудандық "Нұр Отан" партиясының  өкілі, университет ректоры, оқу мен тәрбие ісі жөніндегі проректорлар, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, құрметті қонақтар және бірінші курс студенттері қатысты.
Шара шымылдығын ашқан университет ректоры Мубарак Ермағанбетұлы Елбасының кезекті жолдауында білім саласына ерекше назар аударылғанын, жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талапты күшейтілетінін айта келе «Оқу орнымыздың табалдырығын жаңа аттап, енді ғана студент атанғалы отырған жас жеткіншектер! Біздің университетімізде Сіздердің алаңсыз оқып, тиянақты білім алуларыңызға, ғылыммен, спортпен, өнермен айналысуларыңызға толық мүмкіндік бар. Ендігі жауапкершілік Сіздерде. Жақсы оқып, саналы тәртіппен өз қабілеттеріңізді көрсету, туған жерлеріңізге білікті маман болып бару өздеріңізге байланысты. Олай болса, студент қатарына қабылдануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!» деп өзінің жүрек жарды тілегін жеткізді.
Құттықтау сөзден кейін университет ректоры  грант иегерлеріне, ҰБТ 100-дан жоғары балл  алған студенттерге студенттік билет пен сынақ кітапшасын тапсырды.
 
 
Келесі құттықтау сөз университетіміздің түлегі, бүгінгі таңда Алматы қаласы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ бөлім жетекшісі Колесникова Ольга мен Педагогика мектебінің деканы Махмутов Бекен Лесбекұлына берілді. Қалалық әкімдікте жұмыс істеп жүрген Ольга Алматы университетінің түлегі болғанын зор мақтаныш санайтынын жеткізді. Өзінің сатылай өсуіне, терең білім алуына университетте барлық жағдай жасалғанын, өзге ұлттар арасында жылсайын өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» сайысында Алматы қаласы бойынша жеңімпаз атануы біздің профессор-оқытушыларының арқасы екендігін тілге тиек етті. Ал Педагогика мектебінің деканы Бекен Лесбекұлы университет тарихына аз-кем тоқталып өтіп, 1курс студенттерінің Алматы университетіне оқуға тапсыруы-ең дұрыс таңдау болғандығын баса айтты.
Одан кейін университеттің белсенді 4 курс студенттері Мамырхан Дәурен, Жеңіс Айдана, Алмас Ақгүлім жоғары баллмен оқуға түскен жас ізденушілерге білім кілті мен сынақ кітапшасын тапсырды.
Құттықтау рәсімінен кейін университет студенттері мен кеш қонақтары өз өнерлерін көрсетті. 3 курс студенттерінен құралған «Ай-Ди» би-ансамблі «Елге сәлем» биін биледі. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Мұқамет Үмітнұр «Ауылға барамын» әнін орындап, жиындағы көпшіліктің  ауылға деген сағынышын оятты. Келесі кезекте 1 курс студенті Мәді Батырхан «Ата толғау» күйін тарту етсе,  Бексултан Жулдыз «Ұйқыдағы Ару» атты балет биін биледі.
Кеш барысында жас актер Рамазан Амантай да өз өнерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Шара соңында университет мақтанышы, 4 курс студенті Ален Машатов әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
 
 
 
 
 
ОБЪЯВЛЕНИЯ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее
17-04-2018
English in my life!
Подробнее

© 2008–2018, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz