Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
16-10-2018
Алматы университетінің ұжымы Елбасының кезекті халыққа жолдауын талқылады.

Алматы университетінің ұжымы Елбасының кезекті халыққа жолдауын талқылады. Университет ректоры, х.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы Елбасының халыққа жолдауының басым бағыттарына кеңінен тоқталып өтті. Келер жылы елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заңның әзірленіп, қабылданатындығы барша ұстаздар үшін үлкен қуаныш екендігін атап өтті. Сонымен қатар, жолдауды талқылау барысында білім беру ісінде жоғары оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетіндігін, осы тұрғыда студенттердің де білім алуда белсенді болуы керектігі сөз етілді. Елбасы жолдауындағы басты назар ел жастарының болашағына назар аударылғандығы, соған орай келер жылдың «Жастар жылы» деп аталатындығы да талқылауда баса айтылды.
Ректордың баяндамасынан кейін университеттің профессор-оқытушылар құрамы жаңа жолдаудың білім беру саласындағы жаңашылдығы жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, т.ғ.к., доцент Сламбеков Зарықбек, э.ғ.к., доцент Макашева Элизавета Жолдасбековна, з.ғ.к., аға оқытушы Наурызбаев Нұртас Ергенбаевич, з.ғ.к., аға оқытушы Қазиев Оңғарбай Коныратбаевич баяндамаларын жасады.
Талқылауды қорытындылай келе университет ректоры Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әрбір халыққа жолдауы мемлекетіміздің дамуына зор серпін беретінін, жастардың болашағын жарқын етуде алар орны ерекше екендігін айтты. Сөз соңында жолдауда айтылған әрбір бағытты университеттің профессор-оқытушылар құрамы ерекше ықыласпен қабылдайтындығын, оның орындалуына өзіндік үлесін қосатындығына сенім білдірді. 
 

      

 

           

 

 

ОБЪЯВЛЕНИЯ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Подробнее
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее

© 2008–2019, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz