Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
17-10-2018
16.10.2018 ж. ф.ғ.к., проф.м.а. Н. М. Рахманова «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттеріне «Абайтану» пәні бойынша ашық дәріс сабағын өткізді.

16.10.2018 ж. Сағат:14.00 – 14.50. аралығында 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттеріне «Абайтану» пәні бойынша «Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Толық адам идеясы» атты тақырыпта ашық дәріс сабағы өтіледі.
Пән мұғалімі: ф.ғ.к., проф.м.а. Рахманова Н. М.
Дәріс сабағында Абай негізін қалаған «Толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқаны туралы құнды дерек көздері сөз болды. Аристортельдің 10 кітаптан тұратын «Этикасындағы» – Сүюді сүйеніш еткен адам, Плотиннің 9 кітаптан тұратын «Эннедасындағы» – Жаратушыдан қуат алған ақыл, әл - Фарабидің трактаттарыдағы – Кемел адам, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаныдағы –Жауанмәрттілік ілімі, А.Ясауидің «Диуани хихмет» дастанындағы –«дертті адам», «топырақ адам», Қытайлардың дао іліміндегі –«әбден жетілген адамның»  адамгершілік ұстанымдары айтылды.
1885-1886 ж., Сібірге саяхат жасаған американдық жазушы Джордж Кеннанның (New York,1891) шыққан «Сібір және қуғын-сүргіндік жүйе» кітабынан Абайдың Джон Стюарт Милльдің  «Логика жүйесі», Бокльдің «Англиядағы цивилизация тарихы», екі томнан тұратын Дрэпердің «Европаның ақыл-ойының даму тарихы» кітаптарын оқығаны, әлемдік философия төңірегінде екі кеш бойы әңгіме болғаны туралы үзінді келтірілді.
Студенттер сабақ соңында әлемдік ғалымдардың адам болу туралы ой танымдарымен Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер туралы пікірлерін ортаға салды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы жастарға рухани білім мен тәрбие беруді көздейтін «Толық адам» ілімін оқу процесіне ендіру жобасын қолдайтындықтарын білдірді.
 
 
      
 
      
 
 
 
 
 
 
 
 
ОБЪЯВЛЕНИЯ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее
17-04-2018
English in my life!
Подробнее

© 2008–2018, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz