Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
11-10-2018
«М. Жұмабаев мұрасы және рухани жаңғыру» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алматы университетінде М. Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «М. Жұмабаев мұрасы және рухани жаңғыру» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның ашылу рәсімінде университет ректоры х.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Акакемиясының құрметті академигі Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы сөз сөйлеп, ақын мұрасының маңыздылығына тоқталды.
- ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі- ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген  дағдару дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтеріп, ақындық үн қосып отырды. Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақынның өлеңдерін оқи отырып,  ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласқанын байқауға болады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына арналған. Сыршыл ақынның поэзиясы романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді,-деді Мүбәрак Ермағанбетұлы.
Ашылу сөзінен кейін университет ректоры конференция жұмысына модераторлық жасады. Алғашқы сөз С. Демирел атындағы университет ректорының кеңесшісі, ф.ғ.д.,профессор.,  Дандай Ысқақұлына беріліп, «Қазақ поэзиясының ұлттық мақтанышы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында Мағжанның түркі жұртына ортақ ақын екендігі, біз әлі де болса Мағжанды өз биігінде тани алмай келеміз деген ой айтылды. Келесі сөз Мағжан туған топырақта дүниге келген, ұлттық поэтиканың жасалу  жолдарын әлемдік деңгейде зерттеп жүрген ғалым  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің,  профессоры, ф.ғ.д. Теміргали  Оразғалиұлы  Есембековке   берілді. Баяндамашы М. Жұмабаевтың көркем прозасының мағыналық қабаттарына (Шолпанның күнәсі) тоқталып өтті. Қайнар академиясының профессоры, ф.ғ.к., РҺD Бақыткамал Қанарбаева Мағжанның «Жүсіп хан» поэмасын оқытудың әдіс-тәсілдеріне тоқталып, бұдан кейін ақын шығармашылығын мектепте, жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа технологияларын қолдана жастарға білім беруіміз керек деп ой қорытты.
Пленарлық мәжілістегі соңғы баяндаманы түркі  руханияттың , түркілік әлемнің жарқырауына өз үлесін қосып жүрген  М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Абайтану және әдебиет тарихы бөлімінің меңгерушісі ф.ғ.к., профессор Серікқазы Қорабай «Түркі әлемінің жарық жұлдызы» тақырыбында жасады.
 Конференция барысында Мағжан шығармашылығы негізгі үш бағытта қарастырылды. Атап айтқанда, Мағжанның әдеби шығармашылығындағы рухани құндылықтар; Мағжан дүниетанымы: тілтаным, тарих, педагогика, психология; Мағжан шығармаларын оқыту және заманауи технологиялар.
Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылған конференция жинағына Республикамыздың  түрлі деңгейдегі білім беру ошақтарынан 61 мақала түсті, 61 мақала да тек Мағжан шығармашылығын талдауға арналған. Бұның өзі – ұлт тарихындағы ірі тұлғалардың бірі – Мағжанды  әдебиеттің, мәдениеттің, руханияттың  қайраткері  деп танудың  үлесі деп ойлаймыз!
 
 
     
 
     
 
 

 

ОБЪЯВЛЕНИЯ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Подробнее
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее

© 2008–2019, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz