Университет Алматы
Государственные символы Республики Казахстан
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
НОВОСТИ
28-09-2018
2018 жылдың 28 қыркүйек күні «Жас маман -2018» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

 

Жас маман – 2018

 

2018 жылдың 28 қыркүйек күні, Алматы университетінде жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты «Жас маман -2018» атты тақырыпта студенттер мен жұмыс беруші өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Жиынды университетіміздің ректоры, х.ғ.д., профессор, ҰҒА-ның құрметті академигі М.Е.Ермағанбетов кездесуді ашып, дөңгелек үстелдің қонақтарымен таныстырды.
Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты - білім орындарын тамамдаған жастардың жұмыспен қамтылуына көмектесу, сонымен қатар, жастар - біздің болашағымыз болса , оларға білікті білім мен бәсекеге қабілетті маман дайындау керектігі айтылды.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының «Кәсіптік бағдар» бөлімінің басшысы К.Ә.Жакетаев өз сөзінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы» - Қазақстанның 2050 жылға дейін белгіленген стратегиясының басым бөлігі. Аталған бағдарламада жастар тәжірибесіне көңіл бөлу қарастырылғанын және жоғарғы оқу орнын, колледж, лицейді бітірген жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен жеңілдіктер, қосымша жасалатын іс-шараларды атап өтті.
ЖШС «Мамандық таңдау орталығы» басшысы Ж.Т.Каримов жұмыссыздықты жоюдың жолдарына тоқталды.
ЖШС «SKY EACLE GROUP» туристік мекеменің директоры Асел Алишерова біздің түлегіміз Абильмажинова Сараның мекемеде менеджер болып жұмыс істейтіндігін айтып, студенттерді тәжірибеден өтуге шақырды.
Алматы облысы филиалы, Қазақстанның Ұлттық психологтар қауымдастығы директорының орынбасары Э.Д.Абишева да келісім шартқа тұрып, бітіруші студенттерімізге сәттілік тіледі.
Кездесуде  осы аталған білім ордасының студенттері өз ойларымен де бөлісіп, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Туындаған әр түрлі сұрақтарға толық жауап берілді.
 

     

     

     

     

 

Мансап орталығының бастығы,профессор Х.К.Адилбекова.

 

ОБЪЯВЛЕНИЯ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Подробнее
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Подробнее
12-11-2018
Общенародный диктант на латинице
Подробнее
25-10-2018
Фестиваль HackDay 2018
Подробнее
10-08-2018
В Алматы с 19 по 26 августа впервые в Казахстане и истории стран СНГ проводится чемпионат мира по футзалу среди студентов.
Подробнее
31-05-2018
График экзаменов на прием в магистратуру на 2018-2019 учебный год
Подробнее

© 2008–2019, Университет Алматы
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Вход в почту: mail.almaty-university.kz