Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
22-02-2019
Студенттер Ә.Қастеев атындағы мұражайды тамашалап қайтты

2019 жылдың 21 ақпан күні университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Т.Аманғалиева және Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Б.К.Тюлькиннің ұйымдастыруымен университет студенттері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне саяхат жасап қайтты.
Еліміздің ең ірі көркемөнер мұражайында Қазақстанның Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайраткері, суретші Есімғали Жұмановтың өзімен кездесіп, экспозицияда 90-нан аса еңбегімен танысты.
Е. Жұманов «Арбаның ұзақ кеңістігі», «Түркістан–Яссауи нұры», «Ұлы көшпенділер», «Әл-Фараби. Отырар кітапханасы», «Еділ мен Рим қасқыры. ХХІ ғасыр», «Кешкі қонақ», «Ана», «Әке», «Мәңгіліктің алдында», «Ақын Махамбеттің өлімі», «Азия ханым», «Ананың аруағы» т.б. шоқтығы биік екі жүзге жуық шығарманың авторы. Суретшінің туындылары оның өнердегі ізденістерінің нәтижесі.
Мұражайды тамашалау үшін экскурсия жүргізушісі толық мәлімет беріп отырды. Ондағы туындылар, қолөнер бұйымдары, теріден, ағаштан жасалған бұйымдар студенттер қауымының қызығушылығын арттырып, мұражайды тамашалау барысында фотосуретке түсіп қайтты.

 

     

 

     

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz