Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
05-02-2019
Жыл үздіктері марапатталды

01.02.2019 күні Алматы университетінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Жылдың үздік студенттері» марапатталды. Салтанатты кешті университет ректоры, х.ғ.д., профессор Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлы ашып, сөз сөйледі.
- Құрметті студент-жастар, Сіздерді Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық ортада қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Белсенді араласып өмір сүруі керек деп білемін. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де белсенді ортамен араласудан туындайды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жастар жылының ашылу форумында сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз»,-деген болатын. Шын мәнісінде сіздерге артар үмітіміз көп. Сіздердің үлкен өмірге қадам басуларыңыз бүгінгі студенттік өмірмен тығыз байланысты болса керек. Университеттің алға басуына, атын шығаруда белсенді болған студенттер біз сіздерді қашан да мақтан тұтамыз. Сондықтан да белсенді, озат студенттердің еңбектерін ескеріп жылдың үздіктерін марапаттауды қолға алдық,-деді университет ректоры.
Университет ректоры ашылу рәсімінен кейін мәдени іс-шараларда, оқуда және спортта белсенділігімен көзге түсіп, жан-жақтылығымен ерекшелене білген студенттерге бірнеше номинация бойынша «Жыл спортшысы», «Жыл әншісі», «Жыл бишісі», «Жыл ақыны», «Жылдың үздік студенті», «Жыл еріктісі», «Жыл өнерпазына» Алғыс хат табыстады.
Сонымен қатар үздіктерді марапаттау кешінде «Әлем педагог көзімен»  атты үздік  фотосуреттер байқауының жеңімпаздары, оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) кешенді тестілеуге студенттерді жоғары деңгейде дайындаған  профессор – оқытушылар қауымы және жоғары балл алған студенттерге де университет ректорының Алғыс хаты табыс етілді. Аталған үздіктерге Алғыс хатты университеттің оқу – әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Нурлихина Гульмира Болатқызы табыс етті. Салтантты рәсім аяқталғаннан кейін университеттің жастар ісі жөніндегі ұйым ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш соңында барлық Алғыс хат иелері университет басшылығымен естелік суретке түсті.
 
 
     
 
     
 
     
 
     
 
  1. Жылдың үздік студенті номинациясы бойынша: 
  1. Жыл спортшысы
Батталов Руслан Талгатович         3курс                Дене шынықтыру және спорт мамандығы
  1. Жыл әншісі 
Мошатов   Ален  Жомартұлы       4 курс                 Көлікті пайдалану және жүк қозғалыстарын тасымалдауды ұйымдастыру  мамандығы
  1. Жыл бишісі
Азаматова Аяна Сатылықызы       4 курс                Тарих мамандығы
  1. Жыл ақыны
Мұқамет Үмітнұр                           3 курс                Қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығы
  1. Жылдың үздік студенті
Қайыпбаева Айшолпан                   4 курс              Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
 
  1.  Жыл еріктісі
Досхожаева Айгерим                      4 курс               Құқықтану мамандығы
 
  1. Жыл өнерпазы
Мамырхан Даурен  Ержанұлы       4 курс               Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
 
  1. Фотосуреттер байқауы бойынша:
 
  1. Қыдырбаева Аида
  2. Ниязова Зарина
  3. Кусаинова  Жулдызай
  4. Алимова Айгерим
  5. Яковлева Екатерина
  6. Шынжырбек Мағжан
  7. Ерсінхан Диас
  8. Мейірбек Ғазиз
  9. Малгонусов Абдулахад
  10. Алишерова Амина
 
  1. Кафедраның аға оқытушыларын марапаттау:
  1. Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы -  Ибрагимова  Зейнеп Амантайқызы  
  1. Құқық кафедрасының аға оқытушысы - Молдабекова Зубайда Санайқызы
  1. Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы - Тұздыбаева  Ақтоты Төлеубекқызы
  1. Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы - Бостанов Ернар Ленсұлы
  1. Құқық кафедрасының аға оқытушысы - Алимжанов Ислам Алимжанович
  1. Оқу Жетістіктерін Сырттай Бағалау кешенді тестілеуге қатысып,  жоғары нәтиже көрсеткен  4 курс студенттерін де марапаттаймыз!
 
5В030100-Құқықтану мамандығы
  1. Набиев Расул Александрович – 160
  2. Келесхан Бексұлтан Нұрмаханұлы- 124
  3. Мамедова Карина Нурбалақызы- 99
5В010400- Тарих  мамандығы
  1. Медербек Набида Бердібекқызы-102
  2. Тәменов Шакидуллат Асылбекұлы -137
5В011300-Биология мамандығы
  1. Сату Жұлдыз Аманкелдіқызы-112
  2. Төлеуқазы Аяулым Нұрланқызы-102
5В050300-Психология мамандығы
  1. Джубатханова Айдана Мадиқызы-105
5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
  1. Әбілтай Гүлнара Мұхтарқызы-128
  2. Керімқұл Диляра Болатбекқызы-103
  3. Мұратхан Гулзира Ерболқызы-134
  4. Тұрған Динара Біржанқызы-113
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
  1. Қасымбаева Маржан Мұхтарқызы -116
5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы
  1. Байырбек Балқия Смайлқызы -113
5В051000Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы
  1. Тукен Жанель Жанатқызы -124
 
 
 
ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz