Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
01-02-2019
Elsevier компаниясының өкілі ғылыми семинар өткізді

Алматы университетіне Elsevier компаниясының Орта Азия бойынша ресми өкілі Сертедемир Өзге (Sertdemir Ozge ) Түркиядан арнайы келді. Ресми өкілмен кездесу университеттің 10 қабатында конференция залда болды. Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Нурлихина Гулмира Болатқызы Elsevier компаниясынан келген ресми өкілді профессор-оқытушылар құрамына таныстырып, университетке келудегі мақсаты жайлы кіріспе сөз сөйледі.
Сертедемир Өзге алдымен Elsevier компаниясының тарихына тоқталды. Әлемдегі ең ірі 4 ғылыми баспалардың бірі-Elsevier компаниясы екендігін, негізі 1880 жылы қаланғандығын сөз етті. 
Семинар барысында Сертедемир Өзге ScieneceDirect ғылыми журналдар базасы туралы, профессор-оқытушылар құрамының зерттеу жұмыстары үшін ScieneceDirect платформасын пайдалану, зерттеу тақырыбы бойынша рейтингтік журналдар мен мақалаларды іріктеу, сапалы мақаланы дайындау және оны рейтингісі жоғары ғылыми журналдарда жариялаудың жолдары жайлы тың ақпараттармен бөлісті.
Elsevier компаниясының өкіліне университет оқытушылары тарапынан да бірнеше сұрақтар қойылды. Атап айтқанда: Жыртқыш (хищник) журналдарға ұрынып қалмаудың жолдары?; Ғылыми мақаланы кез келген тілден ағылшын тіліне аудару Elsevier компаниясында қарастырылған ба?; ScieneceDirect платформасында пайдаланғанда кез келген саланы қамти аламыз ба? деген сұрақтар қойылды. Өз кезегінде Elsevier компаниясының өкілі нақты мысалдармен жауап беріп, сөз соңында қатысушыларға сертификат табыстады.
 

     

 

     

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz