Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
24-01-2019
Жастар жылына арналған форумның ашылу рәсімі өтті

2019 жылы 23 қаңтарда Астанада ЭКСПО көрме кешені «Нұр әлем» көрме павильонында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылына арналған форумның ашылу рәсімі өтті.
Жастар жылының салтанатты ашылуын Алматы университетінің ректораты, профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер мен магистранттар тікелей эфирден тамашалады.
Айтулы іс-шараға жастардың барлық санаттағы өкілі: «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, студент және жұмысшы жастар, жас спортшылар, дарынды балалар, жаңа медиа саланың өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметшілер қатысты. Олардың арасында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген, актриса Құралай Анарбекова, шахматшы Жансая Әбдімәлік, актер Асылхан Төлепов бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы және т.б. болды.
Еліміздің болашағы, тәуелсіздік ұрпақтарына Елбасы ақ батасын беріп, жастар тарапынан айтылған тың идеяларға әрқашанда қолдау көрсететінін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ел жастарының алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталып өтті.
 

     

 

     

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz