Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
27-12-2018
21 желтоқсан күні Алматы университетінде академиr Қарақұлов Қарабай Жамалбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған университеттің кеңейтілген мәжілісі өтті.

21 желтоқсан күні Алматы университетінде Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогика ғылымдар Академиясының академигі Қарақұлов Қарабай Жамалбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған университеттің кеңейтілген мәжілісі өтті. Кеңейтілген мәжіліске университет Ғылыми кеңесінің мүшелері және профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер қатысты. Алғашқы кіріспе сөзді университет ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлы сөйледі. Қазақстан Республикасы білім беру үздігі Қарабай Жамалбекұлының өмір белестеріне тоқталып, педагогика ғылымындағы жеткен жетістіктерін атап өтті. Сөз соңында профессордың студенттерге терең, мазмұнды білім беру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқандығын айта келе университет ұжымы атынан өз алғысын білдіріп, мерейтой иесінің иығына шапан жауып, гүл шоғын табыстады. Университет ректорының құттықтау сөзінен кейін пленарлық баяндамалар оқылды. Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Абишева Жеңіскүл Аканқызы «Қ.Ж. Қарақұловтың өмірі мен қызметі» атты тақырыпта сөз сөйлесе, аталған кафедраның доценті, п.ғ.к. Акрамова Алия Смағұлқызы «Қазіргі білі беру үрдісіне ғалымның көзқарасы» тақырыбында мағыналы баяндама оқып, Қарабай Жамалбекұлының ғылыми еңбектеріне талдау жасады. Аға оқытушысы Муханова Гүлмира Бекқызы «Ұстаз-ғалым Қ.Ж. Қарақұлов: Жаңаша тұрғыда мектепті басқару» атты баяндамасында ғалымның орта мектепте білім беру мен басқару жайлы айтқан пікірлерінің маңыздылығына тоқталып өтті. Соңғы баяндаманы Педагогика мектебінің деканы, PhD докторы Махмутов Бекен Лесбекұлы «Ұстаз болу жүректің батырлығы...» тақырыбында жасап, мектеп ұжымының атынан Құттықтау тілегін жеткізді.
Пленарлық баяндамалар аяқталған соң, кеңейтілген мәжіліс Педагогика және психология кафедрасында секция жұмысымен жалғасты. Жалпы саны он беске жуық баяндама тыңдалып, барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді.
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ
17-04-2018
English in my life!
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz