Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
14-12-2018
Тәуелсіздік күніне арналған тағылымды кеш өтті

Алматы университетінде  «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» күніне орай «Тәңірден келген тәтті сый - тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті. Тәуелсіздік мерекесін ұлықтау, егеменді елдігіміздің маңызын білуге, туған халқының тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткен шара Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасының ұйымдастырумен өткізілді. Іс-шараға университет басшылығы және оқу орын студенттері қатысты. Алғашқы сөз университет ректоры х.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Ермағанбетов Мубәрак Ермағанбетұлына берілді.
- Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған бір жиында құттықтау сөз сөйлеп тұрып: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы  1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырап туды»,- деген болатын. Міне, сол жұлдызды күнге биыл 27 жыл толып отыр. Бұл бір қарағанда қамшының сабындай ғана қып – қысқа уақыт болып көрінгенімен, тарих үшін ауқымды кезең болғанын бәріміз де жақсы білеміз,-деп университет ректоры өткен күнге аз-кем тоқталып өтті. Сонымен қатар, елімізде осынша уақыт салтанат құрып келе жатқан Тәуелсіздіктің құны да, сапасы да ешқандай бағамен өлшенбейтінін айта келіп, Отанымыздың қарышты қадамына сәттілік тілегеннен өзге ниеті жоқ халқымыздың аспаны ашық, тірлігі баянды, мерейі үстем болғай деп өз тілегін жеткізді. Мубәрак Ермағанбетұлы құттықтау сөзінен кейін университетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласқан ұжым қызметкерлерін құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттады.
Құрмет  грамотасымен  марапатталатындар:
1.  Батырбай Нұрбол Мұхтарұлы
2.  Махмутов Бекен Лесбекұлы
3.  Жарқынбаев Сабыр Жаркынбаевич
4.  Шардарбеков Дүйсенби Шардарбекович
5.  Жылқыбек Нақып
6.  Жолжанова Алматай Нуртаевна
7.  Бейсембаева Зәмзәмия Бейсенбаевна
8.  Ислямов Берик Ботабаевич
9.  Кенебаев Гелий Жумамуратович
10. Селкебаева Айман Тоқтасынқызы
Алғыс хатпен марапатталатындар:
1. Дәулетова Жансая Ертугановна
2. Динистанова Жаныл Канатбаевна
3. Калиолдина Самал Айткалиевна
4. Баймаханова Айгерим Серказиевна
5. Жугралина Бахыт Мапашевна
6. Буламбаев Алмас Балгариянович  
7. Дуйсенова Айгуль Балтабековна
8. Карибаев Жасулан Алдабергенович
9. Кожамкулова Назгуль Сейфуллинқызы
10.Талғатқызы Құралай
11. Найманбаев Алмас Абдыманапұлы
Салтанатты құттықтаулардан кейін мерекелік кеш концерттік бағдарламаға жалғасты. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Тұрғанбаева Жұлдыз «Атамекен» әнін орындап керемет көңіл күй сыйлады. Университет студенттерінен құралған «Шамеди» би тобының қыздары мың бұралып би биледі. Бүгінгі таңда университет мақтанышына айналған, облыстық-республикалық ән байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Мұхамет Үмітнұр мерекелік кешке арнап «Қазақстаным ұлы Отаным-ай», «Көк тудың желбірегені» әндерін орындап берді. Кеш соңында университет ұжымы естелік суретке түсті.
 
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
 
     
 
 
ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz