Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
12-12-2018
«Құқық» кафедрасының профессоры, з.ғ.д., ҚР ЖҒА академигі Ағдарбеков Төкіжан Ағдарбекұлының 80 жылдық мерей тойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

2018 жылдың 7 желтоқсан күні Алматы университетінің ұйымдастыруымен «Экономика және құқық» мектебі «Құқық» кафедрасының профессоры, з.ғ.д., ҚР ЖҒА академигі Ағдарбеков Төкіжан Ағдарбекұлының 80 жылдық мерей тойына арналған «Қазақ мемлекеттілігінің хронологиясы: қазақтың ата заңдарының әдеттік-құқықтық дәстүрлі демократияны қалыптастырудағы орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
Конференция модераторы - «Алматы» университетінің ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы болды.
Конференцияға еліміздің бірқатар ЖОО-ның ректорлары мен ғалымдары және бірнеше жақын шетелдің өкілдері келіп қатысты. Атап айтқанда:
1. Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы - Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖМҒ академигі
2. Саматов Орозбай Жусипбаевич - Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Қырғыз Мемлекеттік Заң Академиясының профессоры және кеңесшісі, ҚМЗА-ның қашықтағы кеңес мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор
3. Баходур Нодир - Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы
4. Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы - Шымкент университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
5. Батырбаев Нұрлан Мұхтарұлы - Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Вице-президенті, заң ғылымдарының кандидаты, профессор
6. Ағыбаев Арықбай Нүсіпәліұлы. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті заң ғылымдарының докторы, профессор
7. Ахатов Уалихан Акыпбекович - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті Деканның оқу- әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
8. Қуандықов Қалдарбек Жунисбаевич - Нархоз университеті, «Құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты
9. Акаев Аманжол Мельдеханович - Сүлеймен Демирел атындағы университетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты,
10. Тұрлыбек Аслан Еділханұлы - Сулейман Демирель атындағы университет, Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының PhD докторы
11. Балқияев Нуридин – Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
12. Нұрмышев Үсен – заң ғылымдарының кандидаты, профессор
13. Копбаева Айжан Бакытбековна – Сүлеймен Демирел атындағы университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD
14. Салаев Багаша Айвазович - Сүлеймен Демирел атындағы университетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты.
Конференцияны құттықтау сөзбен ашқан университет ректоры Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы профессор, з.ғ.д., ҚР ЖҒА академигі Ағдарбеков Төкіжан Ағдарбекұлының 80 жылдық мерей тойына арналған «Қазақ мемлекеттілігінің хронологиясы: қазақтың ата заңдарының әдеттік-құқықтық дәстүрлі демократияны қалыптастырудағы орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға арнайы келген қонақтарға алғысын білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Академик Т.Ағдарбековтың ғылымға, Қазақ мемлекеттілігінің дамуына қосқан үлесін аса жоғары бағалып, ғалымның өткен өмір жолының өзі бүгінгі жастарға, жас ғалымдарға үлкен өнеге екендігін баса айтты. Академик Т.Ағдарбековке Алматы университетінде әлі де ұзақ жылдар бойы қызметтер атқара беруіне тілегін білдіріп, университет ұжымы мен студенттері атынан иығына шапан жапты. Т.Ағдарбековтың жары ҚР Бас прокуратурасының құрметті прокуроры Мәрзия Сейітқазықызының да конференцияға қатысып отырғанына ризашылығын білдірген университет ректоры академиктің отбасына бақ пен береке тілеп, құрметті прокурорға гүл шоқтарын сыйға тартты.
Осыдан соң академик Т.Ағдарбекотың өмірдерегі туралы бейне көрініс көрсетіліп пленарлық баяндамалар оқылды.
Конференцияның пленарлық бөлімінде баяндамашылар академик Т.Ағдарбеовтың өмір жолы, ғылымдағы еңбектері мен жаңалықтары, білім саласындағы қызметтері мен адами қасиеттеріне тоқталып, академиктің Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен құқық саласының дамуына қосқан үлестері жайында деректер келтіріп, ғылыми тұжырымдар жасады.
Еліміздің әр өңірінен академик Т.Ағдарбековтың 80 жасқа толуымен құттықтаған бірнеше жеделхаттар келіп түсті. Олар:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Б.Абдрасилов, НАРХОЗ университетінің ректоры доктор РһD, профессор Эндрю Вахтель, Шымкент университетінің ректоры, профессор Н.А.Сейітқұлов, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ш.Жалаири, Сулейман Демирель атындағы университет «Құқық және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, РһD М.А.Ахмади.
 
 

     

 

     

 

     

 

     

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz