Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
Галереядан сурет

Басылымдар

 

Ғалымдар – біздің университет қызметкерлерінің еңбектерін насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

Кітапхана туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Кітапхана университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Кітапхана университет ректорына бағынады.

3. Жалпы жетекшілікті, университет ректоры жұмысқа тағайындап,  жұмыстан шығаратын, кітапхана меңгерушісі жүзеге асырады.

4. Кітапхана жұмысында мына төмендегілер:

2000 жылғы 17 тамыздағы №827 ҚР Білім беру және ғылым министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңы; «Жоғары кәсіби білім беруді ұйымдастыру кітапханасы туралы» Үлгілік ереже; ҚР Білім және ғылым министірлігінің кітапхана ісі және басқа да нормативтік актілері бойынша құжаттар; университет ректоры бұйрықтары мен жарлықтары; университет жарғылары; саясаттары, сапа саласындағы мақсаттар; университеттің ішкі нормативтік құжаттары; ішкі кітапхана нормативті актілері; сапа бойынша нұсқаулықтар, ережелер, тәртіптер, университет сапа менеджменті жүйелері басшылыққа алынады.

5. Кітапхана жұмысы университет ректоры бекіткен жылдық жоспар бойынша жүргізіледі.

6. Кітапхана есебі жазбаша және статистикалық түрде жүзеге асырылады және университет басшылығы алдында тыңдалады.

 

2.  Негізгі мақсаттар мен міндеттер 

 

·         Қордағы дәстүрлі және заманауи ақпарат иесі құжаттарын мемлекеттік және басқа да тілдерде университет және оқырманның ақпараттық бағыттарына сәйкес қалыптастыру және сақтау.

·        Ғылыми кітапхананы техникалық жарақтандыру, кітапхананы компьютерлеу және ақпараттық процестер негізінде олардың сапасын арттыру мақсатында кітапхана қызметін нығайту және кеңейту.

·         Кітапханатану және библиография саласына қызметтің жаңа түрін енгізу.

·        Білім алушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, кітаптарды, кітапхананы заманауи технология негізінде пайдалану шеберлігіне дағдыландыру.

·         Қызметті кафедралармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен үйлестіру.

 

3. Қызметтер

 

·      Кітапхана оқырмандарды абонементте, оқу залында жеке-жеке және топтық қызмет көрсету тәсілін қолдана отырып,  сараланған қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

·    Оқырмандарды негізгі кітапханалық қызметтермен тегін қамтамасыз етеді. Оқырмандарға қажетті басылымдар мен басқа да құжаттарды еркін таңдауға жағдай жасайды.

·     Оқырмандарды бар әдебиеттер, оның ішінде жаңа кітаптар түскендігі туралы оперативті ақпараттандыру мақсатында ақпараттық шаралар кешенін өткізеді.

·   Ғылыми және оқу қызметтері жүйесіне электрондық тізбелер, библиографиялық тізімдіктер, сілтемелер, тізімдер, анықтамалық және ақпараттық жұмыстар орындайтын көмектер ұйымдастырады және жүргізеді.

·     Университет оқырмандарын абонементте және оқу залында біріңғай оқырман билеті бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

·   Оқырмандарды ақпараттарды іздеуге дағдыландыру және кітапхананың анықтама-іздеу аппаратына бейімдеу мақсатында студенттерге кітапханалық-библиографиялық білім негізі бойынша сабақтар жүргізіледі.

·         Көрмелер, конференциялар, шолулар, пікірсайыстар, кездесулер, тұсаукесерлер және басқа да жаппай жұмыс түрлері арқылы  баспасөз еңбектерін насихаттау бойынша жұмыстар жүргізеді.

·    Қорды толымдау оқу жоспарлары, ғылыми зерттеу тақырыптары және университет бағдарына сәйкес жүзеге асырылады.

·         Кітапхананың негізгі қорларын ұйымдастыру мен орналастыру, оларды тіркеу, өңдеу мен сақталуын іске асырады.

·         Қорға жүйелі түрде көнерген, ескірген әдебиеттерді уақтында есептен шығаруды жүргізіп отырады.

·         Қорлардың орналасуын: оларды қорғау, сақтау тәртібі, жаңғырту, сақтауларды жүзеге асырады.

·     Кафедралармен бірігіп оқу барысын кітаппен қамтамасыздандыруына талдау жасайды,оқу, ғылыми әдебиеттерді олардың қалыптасуын оңтайландыру мақсатында және кітаппен қамтамасыздандыру тізімдігін жүргізу үшін қорларды пайдалануды зерттейді.

 

4.  Құқық

 

Кітапхана мыналарға құқылы:

- өз бетінше белгілеуге:

- өз қызметінің маңызы мен нақты түрінің осы ережеде көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларға сәйкестігіне;

- қорды жинақтау көзінің болуы;

- кітапхананы пайдалану тәртібі;

- университетті таныстыру, кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстар мәселесі бойынша конференциялар, жиындардар және семинарлар өткізуге;

- университеттің оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және ҒЗЖ тақырыптарымен танысуға;

- кітапханаға берілген тапсырмаларды шешу үшін олардың құрылымдарынан ақпараттар мен мағлұматтар алуға;

- кітапхананың мөрі, сондай-ақ өзінің толық атауы бар бланкі болуына;

- кітапханаға бөлінген қаржыны басқару;

 

 

5.  Міндеттері 

 

Қажеттілігіне қарай университет ректорына істелінген жұмыстар туралы есеп беруге.

Кітапхана мыналарға жауапты:

-  қордық сақталуына және өзіне бекітілген мүліктерге, өрт қауіпсіздігіне және кітапхана жайлы жабдықталған жаймен, өрт дабылдағыш күзетімен,  ілмекті құрылғымен жабдықталған, темір есіктермен  қамтамасыз етілген жағдайда өзге де  қорғауларға; 

- сатып алынған әдебиеттер санына және оқу барысын кітаппен қамтамасыздандыру  сапасына.

Кітапхана мыналарға жауап береді: 

- қорлар мен мүліктерді, осы ережелерде белгіленген қызметтердің мүдделеріне сәйкес тиімді пайдалануға;

- қорлар мен құжаттарды уақтында тіркеуге алу және оларды анықтама-іздеу аппараттарында, дерекқорларда, бухгалтерлік құжаттарда көрсетілуіне;

- оқырмандарға жедел қызмет көрсетуді ұйымдастыруға.

Кітапхана құжаттар жасайды және белгіленген тәртіпте есептер мен жоспарлар тапсырады.

 

6. Басқа қызметтермен өзара әрекеттестігі

 

Өз қызметінің ойдағыдай болуы үшін кітапхана  университеттің басқа құрылымдарымен өзара әрекеттеседі.

Кітапхана кафедрамен барлық мәселелер бойынша, әдебиеттер сатып алуға байланысты бірлесіп жұмыс жасайды.

Қаржы Департаментімен, кітапхана жұмысын қаржылай қамтамасыз ететін орган ретінде бірлесіп жұмыс істейді.

Әкімшілік-шаруашылық бөлімімен шығын, жабдықтар, тағы басқа да қажетті материалдар тапсырысын орындау бойынша бірлесіп жұмыс жасайды.

 

7. Қызметті ұйымдастыру

 

Кітапханаға университет ректорына тікелей бағынатын меңгеруші басшылық етеді.

Меңгеруші жүктелген тапсырмалар мен қызметтерге, техника қауіпсіздігіне, еңбекті қорғауға және өндірістік тазалыққа жауапты болады.

Меңгеруші өз құзіреті шеңберінде бұйрық пен нұсқау береді және олардың тексеруін жүзеге асырады.

Кітапхана қызметкерлері, кітапхана меңгерушісінің ұсынысымен, ректордың бұйрығымен жұмысқа тағайындалып, босатылады. Қызметкерлерді жұмысқа алу жеке еңбек шарты бойынша 1 айдан 3 айға дейінгі сынақ мерзімімен жүзеге асырылады.

Әрбір кітапхана қызметкерлерінің жұмыс жағдайы лауазымдық нұсқаулықта көрсетіледі және университет ректорының «ҚР Еңбек туралы»  ҚР Заңына және ішкі Еңбек тәртібі ережесіне сәйкес бекітіледі. Кітапхана қызметкерлерінің еңбекақысы мен демалысы университет ректорымен келісілген жеке еңбек шартымен реттеледі.

 

8. Кітапхана туралы Ережемен басқару 

 

1. Кітапхана туралы ережемен келісілу сапаны басқару бастығымен, оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректормен, кітапхана меңгерушісінің келісім Қағазындағы жазбаға енгізумен жүзеге асырылады (1Қосымша).

2.  Ереже университет реткоры бекіткен күннен бастап күшіне енеді.

3. Кітапхана меңгерушісін ережемен (оның өзгертулері мен қосымшаларымен) таныстыруды кадр дайындауға жауапты адам ректор бекіткеннен кейін үш күннің ішінде, ал жұмысқа жаңадан алынған немесе оның орнын басқан адам лауазымға кіріскен күннен бастап қол қойғызып жүргізеді (2 Қосымша).

4. Ережедегі өзгертулер мен қосымшаларды кітапхана меңгерушісі қажеттігіне қарай, лауазымдық міндеті өзгергеннен, штаттық кесте немесе құрылымдық өзгерістерден кейін бес жұмыс күні ішінде дайындалады және өзгертулерді тіркеу Қағазына тіркейді (3 Қосымша), ол бұйрықпен бекітіліп, бекітілгендігі туралы бұйрықтың көшірмесі қолданыстағы нұсқаулықпен бірге қоса тіркеледі.

5. Ережені кітапхана меңгерушісі жылына бір рет қайта қарап (жандандырып), мерзімді тексеруді тіркеу Қағазындағы жазбаны жүзеге асыруы керек (4 Қосымша).

6. Ереженің Түпнұсқасы (барлық өзгертулер мен қосымшаларымен бірге) кадр дайындауға жауапты адамға мәлімет және сақтау үшін тапсырылады. Лауазымдық нұсқаулықтардың көшірмесі сапаны басқару бөліміндегі арнайы папкада болады және қызметкерлерді таныстыру үшін көрсетіледі.

 

 

 

     Университет кітапханасы 1998 жылы «Алматы үздіксіз білім беру университеті» жоғары оқу орнымен бір уақытта ұйымдасқан, ол университеттің әдебиеттермен, оқу ақпараттарымен және ғылыми үрдістермен қамтамасыз ететін жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Алматы Университетінің Кітапханасы – студенттер, профессор-оқытушылар үшін мәдени орталық. Онда оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар, көркем әдебиеттер, мерзімдік басылымдар жинақталған.

 

 

 

Кітап қоры құрылымдары:

·        оқу әдебиеттері,

·        оқу-әдістемелік әдебиеттер,

·        ғылыми әдебиеттер,

·        мерзімді басылымдар.

      Кітапхана оқырмандарына оқу және электрондық залдарда абонементпен қызмет көрсетіледі.

 

 

 

  

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz