Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
Галереядан сурет

       

        Алматы Университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бүкіл профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер айналысады.

Университеттің ғылыми зерттеулері АҚ Ұлттық мемлекеттік ғылыми -техникалық сараптама орталығында тіркелген, мынадай негізгі ғылыми бағыттар бойынша өткізіледі:

1 Қазақстанның заманауи дизайнерлік тәжірибесіндегі түпнұсқалылық және жаңартпалық

2 Жеңіл өнеркәсіпке жаңартпалық әдіснамаларды қолдана отырып, технологиялық үрдістерді дамытуды зерттеу 

3 Білім беру үрдісіндегі оқытудың жаңартпалық әдіснамаларын зерттеу және енгізу

4 Киім өндірісіне тиімді технологиялық үдерісті жасау мақсатында БСҰ зерттеу

5 Бәсекелестік (мектептің) киімдер жобаларының әлеуметтік, эстетикалық факторлары және дизайндарын жасауды зерттеу

6 «Жасыл экономика» ҚР тұрақты дамуының жаңа векторы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

7 Құзыреттілік тұғыр  аясында педагогикалық  мамандықтардың білім беру бағдарламаларының дамыту

Университетте «Білім берудегі жаңартпа» (бұдан әрі ҒЗО) ғылыми-зерттеу орталығы, ғылыми студенттік қоғам, «ДКҒЗЖ» атты ғылыми зертхана, ғылыми мектеп, студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.

ҒЗО отырысында  кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары, магистрлік диссертация ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша есептер тыңдалады.

Ғылыми студенттік қоғамның мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, ғылымға қызығушылықтарын ашуға көмектесу, әртүрлі деңгейдегі студенттік ғылыми шараларды ұйымдастыру мен өткізу (конференциялар, семинарлар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстары, олимпиадалар, іскерлік ойындар, ғылыми жобалар, тағылымдамалар).

ДКҒЗЖ ғылыми зертханасында студенттер костюм дизайні, сәндік-қолданбалы өнер, тігін бұйымдары технологиясы мен конструкциялау және тоқыма маталарды жобалау саласына зерттеулер өткізеді.

Ғылыми мектеп академик, т.ғ.д., профессор С.Ж.Асанованың жетекшілігімен жас ғалымдарды техникалық ғылым мен өнертану бағытына дайындайды.

Университетте 10 студенттік ғылыми үйірмелер («Б.Асановой студиясы», «Қазақстанның мәдени мұрасы», «Конструкторлық бюро» «КЛИК», «Ізденіс», «Жас ғалым» «Көшбасшы», «Жас биолог», «Цивилист», «Экономист») жұмыс істейді, оның негізгі мақсаты студенттерге ғылыми-зерттеу әдіснамасын меңгерту, сондай ақ студенттерді кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына қазіргі жоғары білікті мамандарды дайындау маңызды жасаушы жүйе ретінде тарту болып табылады.

Университет білім беру саласында Еуропа, Ресей және Азияның жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық серіктестік қатынас жасайды. Шетелдің жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдарымен 30-дан аса келісім шарт жасасқан.

Сондай ақ, университетте білім алушыларды сапалы дайындау үшін, дәріс оқуға және мастер-кластарға шетел мамандарын тартылған.

Соңғы үш жылда 3 дана монография, 7 дана оқулықтар, 14 дана оқу құралдары, 400-ден аса мақалалар, оның ішінде  импакт-фактор журналдары, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізбесіне кіретін журналдар, алыс және жақын шетел журналдары жарық көрді сондай ақ өнеркәсіптік үлгідегі патенттер де бар.

Оқытушылардың, магистранттардың және студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялау үшін университетте 2006 жылдан бері «Дизайн және технология индустриясы» атты ғылыми журнал шығарылып тұрады, журнал ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде 2006 жылғы 1 наурызда № 6965-Ж куәлігімен тіркелген. Журнал Халықаралық орталықта ISSN сериялық басылымдар тіркеуі  бойынша тіркелген (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) және оған ISSN 2226-1753 Халықаралық нөмірі берілген (ISSN Халықаралық орталықтың сертификаты) және ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары бар.

Студенттердің магистрлік диссертация тақырыптары мен диплом жұмыстары білім алушылардың мүддесі есебінен, кафедраның ПОҚ ғылыми басымдылығымен және мәселенің маңыздылығымен анықталады, диплом жұмысының тақырыбы кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, студенттің диплом жұмысын жасайтын негізгі кәсіпорын мүддесімен тығыз байланысты, сөйтіп кафедраның шаруашылықшарт ғылыми-зерттеу тақырыбының бір бөлігі болу.

Университет студенттері жыл сайын Республикалық педагогикалық және пәндік олимпиадаларға қатысады.

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ
17-04-2018
English in my life!
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz