Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
Галереядан сурет

   

    «Алматы» университеті - өзіндік білім беру жүйесінде, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруда тәжірибесі қалыптасып келе жатқан жоғары оқу орны. Университеттің 2013-2020 жылға құрылған стратегиялық жоспары  жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған.

     «Алматы» универитеті екі құрылымдық бөлімнен тұрады: Алматы үздіксіз білім беру университеті және «Сымбат» сән академиясы. Алматы үздіксіз білім беру университетінің негізі 1998 жылы қаланды.  Ал «Сымбат» сән академиясы 1996 жылы, алғашында «Сымбат» сән  колледжі болып ашылады. 1998 жылдан бастап «Сымбат» сән академиясы болып қайта құрылады.

       2013 жылы 31 қаңтардағы Үкіметте қаралған Білім және ғылым министрлігінің отырысында ЖОО жұмысын оңтайландыру мақсатында қаралған мәселе бойынша екі білім ордасы бірікті. Нақтырақ айтқанда 26.06.2013 жылы университеттің Ғылыми Кеңесі құрылды. Бүгінгі таңда  «Алматы» университететінде бакалавр бойынша 30 мамандыққа, магистратура бойынша 11, Phd докторантура бойынша 2 мамандыққа білім беріледі.

      Алматы университетінде ғылыми дәрежесі 66%-ды қамтитын оқытушы-профессорлар құрамы жұмыс істейді. Оның ішінде, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлері, шетелдік ЖОО құрметті профессорлары да бар. Оқытушы-профессорлардың ғылыми-теориялық мақалалары алыс-жақын шетелдік конференциялар мен басылымдарда (Thomson Reuters, Scopus, РИНЦ) жарық көрген.

     Университетте сапалы білім беруге айырықша мән беріліп, заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған дәрісханалар, зертханалар, шеберханалар, интерактивті және мультимедиялық  кабинеттер студенттерге қызмет көрсетеді. Студенттер мен қызметкерлерге медициналық қызмет көрсететін арнайы кабинеттер бар және медициналық қызмет көрсету үшін қалалық емханалармен келісімшарт жасалған.

     Университеттің кітапхана қоры оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, электрондық оқулықтар, магниттік тасымалдағыштардағы  оқу-әдістемелік әдебиеттер кафедраларда СD дискілерде, компакт дискілерде сақталған.

      Алматы университетінің студенттерін өндірістік және педагогикалық іс-тәжірибелерден өткізу үшін Алматы қаласы және Алматы облысындағы құқық қорғау органдарымен, салық комитеттерімен, банктермен, жалпы орта білім беретін мекемелермен, мектепке дейінгі білім беретін ұйымдармен келісімшарттар жасалған. Келісімшарттар екі жақты келісім бойынша дайындалып, өзара ынтымақтастық шеңберінде жүргізіледі.

       Университетте 2 оқу ғимараты бар. Дәрісханалар мен зертханалардың, кабинеттердің ауданы бір студентке шаққанда 10,5 шаршы метрден келеді.

       Ашық спорт алаңы, арнайы спорт инвентарларымен жабдықталған. Cтуденттер мен қызметкерлер тамақтану үшін асхана және екі буфет жұмыс істейді.

     «Алматы» университеті кәсіптік жоғары білім беру бағдарламасын іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, университет жарғысын және министрліктің ережелер топтамасын басшылыққа алып жүргізеді. Университеттің барлық құрылымдары үшін істер номенклатурасы дайындалып бекітілген. Университеттің ең жоғары басқару органы-Ғылыми Кеңес. Ғылыми Кеңес уақытылы жоспарға, мерзіміне сай өткізіліп, университеттің оқу-тәрбие процесіне қатысты мәселелер талқыланып отырады. 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ
31-05-2018
2018-2019 оқу жылына магистратураға қабылдау емтихандарының кестесі
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz